Печать
Просмотров: 200

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.  ҚМДБ ның Семей мешіттері және Зекет қорының ұйымдастыруымен Семей өңірі бойынша Пітір садақадан түскен қаражатты азық-түліктей 1000 отбасыға таратылып үлестірілді. Мешіт қызметкерлерінің бірігуімен өткізілген бұл шараларға 8 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды.