Печать
Просмотров: 166

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облысының мешіттері ауқымды қайрымдылық шараларын өткізді.

Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ұйытқы болуымен және ҚМДБ-ның «Зекет» қорының Маңғыстау облысындағы филиалының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 533-шы баспанасы беріліп, тағы бір жанұя қуанышқа бөленді.

«Зекет және қайырымдылық» бағытында жомарт азаматтардың қолдауымен жүзеге асқан іс-шаралар барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 1000 отбасыға 50.000 теңгеден беріліп, жалпы алғанда 50.000.000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.