Печать
Просмотров: 232

ҚМДБ жұмысының негізгі жеті бағытының бірі – уақып және қайырымдылық бағыты бойынша Рамазан айы бойы күн сайын Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінде ауызашар және сәресі берілді.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының тапсырмасымен жергілікті мешіттердің ұйымдастыруымен жамағатқа, қазыналы қарттарымызға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және т.б. жандарға күнделікті ауызашар және сәресі дастарқандары жайылды.

Жалпы алғанда, Рамазанның 30 күнінде 70000 адамға ауызашар, 11 000 адамға сәресі берілді. Бұдан бөлек, 2500 дана «Рамазан қоржыны», 150 дана «Ауызашар себеті» үлестірілді.