Печать
Просмотров: 311

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен “Бір кәсіпті меңгер” атты әйелдерге тігін курсы ашылды.

Алматы қаласы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қоры және “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына, өыз-келіншектерге тігін курсы өз жұмысын бастады. Игі шараға Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан қатысып, курсқа келушілерге сәттілік тілеп батасын берді. Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Гүлмира Ілесбайқызы мешітке білім алуға келген әйел шәкірттерді курс барысымен таныстырды.

Айта кетсек, тігін курсына қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Курс мерізімі 1 ай. Курсты бітірушіге арнайы сертификат беріледі. Байланыс үшін: 87755666059