Печать
Просмотров: 262

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастамасымен Орталық мешіт қызметкерлеріне "Магнум" сауда желісінің азық-түлік сертификаттары үлестірілді.

"Зекет және қайырымдылық" қоры ұйымдастырған көмек түрі Орталық мешіттің тазалық, шаруашылық тағы басқа қызметкерлеріне сый ретінде "Магнум" сауда желісінен 10 000 теңгелік азық-түлік сертификаттарын табыстады. Бас имам Төлеби Оспан Алла үйінің тазалықшысы мен күзетшісі, аспаз, жүргізуші ауладағы шаруашылық жұмыстарына аянбай еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерге алғысын білдірді.