Печать
Просмотров: 272

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен 9 баланың әкесі, дін қызметкерінің отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Медеу аудандық "Аманқұл ата" мешітінде ұстаздық қызметін атқарып жүрген Ескендіров Кенжебек Бегалыұлының отбасына Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен қаланың бас имамы 100 000 мың теңгелік азық-түлік пен 500 000 теңге қаржылай қайырымдылық көмегін тарту етті. Дін қызметкері Кенжебек Бегалыұлы жұбайымен 9 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар қатарында. Айта кетсек, ҚМДБ бекіткен жылдық жоспар бойынша "Алла жолында адал қызмет" аясында қала мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне ұдайы көмек беру жүргізіліп келеді. Игі шара барысында қаланың бас имамы Төлеби Оспан көпбалалы отбасына береке, балалардың деніне саулық, оқуда озат болуларына дұға жасап, бата берді. Бас имам кішкене бүлдіршіндерге ойыншықтар беріп, дастарханнан дәм татты.