Печать
Просмотров: 255

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Еуропада ем алып жатқан Нұрислам Ержігіттің әкесі Ғалымжан Аманқұловты қабылдады. Кездесу барысында Ғалымжан Ержігітұлы баласының еміне қаражат жинап жатқанын және Испанияның Барселона қаласында емделіп жатқанын айтты. Оның сөзінше 5 жасар ұлына нейробластома 4-ші деңгей деп диагноз қойылған. Бас мүфти Нұрисламның еміне деп ҚМДБ Зекет қорының демеуімен 1 млн теңге қаражаттың сертификатын табыс етті. Кездесу соңында шипасына дұға етіп, амандық тіледі.