Печать
Просмотров: 108

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХ отырысы аясында Малайзияның Елшісі  Дато Саид Мохаммад Бахри Саид Абдрахман, Премьер-министрінің дін істері жөніндегі орынбасары Датук Ахмад Марзук Бин Шаари және т.б өкілдері «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қайырғалиев Мақсатбек мырзамен кездесіп, қордың қызметі жайлы қызығушылық танытып ақпарат алмасты. Қонақтарға Қордың халыққа көмек көрсетудегі айқын негізгі бағыттары таныстырылды, сондай-ақ келешекте Малайзия мемлекетіндегі қайырымдылық және зекет қорларымен байланыс орнату жолдары талқыланды.