Печать
Просмотров: 86

2022 жылдың 16 қыркүйегінде онлайн форматта өткізілген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» Ұлттық қайырымдылықтың І конференциясының қорытынды отырысына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, сондай ақ, қайырымдылық ұйымдарды қоса алғанда, еліміздегі барлық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының донорлары қатысты.

Аталған конференция отырысында денсаулық, әлеуметтік қолдау, білім және мәдениет және спорт бағыттары бойынша мәселелер талқыланды. Сондай ақ, қазіргі уақытта шұғыл көмекке мұқтаж, өрттен зардап шеккен Қостанай облысына бағытталған іс-шаралар жөнінде айтылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Бидахметұлы аталған мәселе бойынша сенім білдіріп, қаржылай көмек қолын созған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшылығына алғысын жеткізді. Еске сала кетсек, 2022 жылы қыркүйек айының 13-інде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының кеңесшісі, наиб муфти Кенжетай Байкемелұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Бидахметұлымен кездесіп, «Қостанайға шұғыл көмек» қайырымдылық акциясы нәтижесінде жиналған 23 003 415 тенге қаражатты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына арнайы тапсырған еді. Болат Бидахметұлы аталған қаражатты Қостанай облысындағы зардап шеккен тұрғындардың игілігіне жұмсалатынын атап өтті.