Печать
Просмотров: 119
Түркістан облысы, Кентау қаласы зекет және қайырымдылық бөлімінің бастамасымен Хантағы ауылы "Әлі-Бекен"  мешітінің имамы Мырзабаев Бақытжан Бұранұлының ұйымдастыруымен демеушілерді тарта отырып зекет және садақадан топталған қаражатқа бір отбасыға 611 санды үй табысталды.
 
ҚМДБ-ның «Ел үлесі — пәтерге» атты жобасының аясында атқарылып жатқан қайырымдылық іс-шарасы Кентау қаласының  Бас имамы
Ғалымжан қажының ұйытқы болуымен  жүзеге асуда.
Баспана кілтін табыстауға қалалық зекет жетекшісі Дастан Құрбанқұлов қатысып, қоныс құтты болсын деп тілек білдіріп, " Ел үлесі пәтерге"  жобасына қолдау білдіріп , баспана алуға демеушілік еткен барлық азаматтарға бата жасады.

Игі іске мұрындық болып, сауапқа кенелгендер бұл шараның әлі де жалғасатынын тілге тиек етті.
Бір отбасының қуанышына себепші болып қолдау білдірген, демеушілік еткен азаматтарға алғыс білдіреміз .

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі