Печать
Просмотров: 131

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Бұқар жырау ауданына қарасты «Жыржыс қажы» мешітінде өткен қайырымдылық шарасына қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік салынған қораптар табысталды.

Қарағанды облысының бас имамы шараға қатысқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеу беріп, қамкөңіл жандардың көңіліне үміт сыйлау мақсатында уағыз-насихат жасады. Артынша арнайы дайындалған қайырымдылық қоржындары жұртшылыққа үлестірілді.

Аталмыш шараға қатысқан мешіт жамағатының ақсақалдары сауапты іске атсалысқан имамдар мен жиналған отбасыларға ақ батасын беріп, Алладан мол ризық пен береке тілеп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға етті.

Айта кетсек, облыс бас имамы бастаған бір топ ұжым Бұқар жырау ауданына арнайы іс-сапармен келген болатын.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Барлық құқықтары қорғалған.