Печать
Просмотров: 131

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен республикалық «Иман» журналының 20 жылдығы аясында елордадағы 20 отбасыға көмір таратылды.

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай қайырымдылық шарасына негізінен мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар қамтылды. 20 отбасының әрқайсысына 10 қап, яғни жарты тонна көмір таратылды. Сондай-ақ жанұяларға азық-түліктер жеткізілді.

Қайырымдылық шарасына БАҚ өкілдері, атап айтқанда республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінің тілшілері, сондай-ақ Діни басқарманың «Мұнара», «Иман» басылымдарының қызметкерлері мен авторлары қатысты.