Печать
Просмотров: 135

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен Екібастұз қаласына қайырымдылық керуені жол тартты.

Елорда мешіттерінде жиналған қыстық киімдер мен жылы жамылғылар арнайы жүк көлігіне тиеліп, Елорда халқының дұғай сәлемі мен дұға-тілектерін арқалап, имамдардың ақ батасымен жолға шықты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен игі шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері қатысып, Екібастұз халқына жеңілдік сұрап дұға жасады.