Печать
Просмотров: 197

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының" "Жылу сыйла" жобасы аясында Түркістан облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен Бәйдібек аудандық зекет және қайырымдылық бөлімі
аудандық "Нақыпбекұлы Әуен" мешіті көп балалы отбасыларының 6 ұл-қыздарына қыстық киімдер әперілді.

Облыс Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов ауданда игі істер жалғасын тауып, балдарымызға қуаныш сыйлаған жандарға Алла разы болсын. Ел алғысына бөлене берсін. Әр шаңыраққа жақсы берекелі күндер нәсіп болсын - деп алғысын жеткізеді.

"Жылу сыйла" қайырымдылығы аудан орталығында орналасқан киім-кешек дүкенінде алты баланың өз таңдауларын жасаған киімдері алып берілді.
Өйткені ең дұрысы осы.
"Баланың талғамымен алғанымыз сай келмеуі мүмкін. Сондықтан таңдауды қажет ететін қайырымдылық шараларда осылай жүзеге асырамыз. Өзі таңдағанын ұзақ киеді және қуанады. Мұқтаждығы орындалып жатса, балдарымыздың қуанышынан асқан нәрсе жоқ. Осыны ескеріп шынайы қыстық киімге аса мұқтаждарына әперілді. Мүмкіндіктерге қарай бұл істер жалғасады деген үміттеміз. Қайырымдылық бағытында ұйымдастыру, аудан тұрғындарымен бірлесіп атқару күнделікті жұмысымыздың бір бағыты болып табылады. Аудан аумағында қайырымдылыққа қолдау білдіріп жүрген жандарға Алла разы болсын дегіміз келеді"- дейді аудан Бас имамы Еркін Тұрғынұлы.
Қайырымдылық шараның мәдениеті бар. Мейлінше шынайы бір өткінші материалдық қиыншылыққа тап болған жандарды қолдап жіберу. Осыны назарға алу керек. Сырт көзге материалдық тұрғыда жақсы мұқтаждығы жоқ адам сияқты, барына шүкір етіп жүрген адамдар бар. Сондай жандарға берілсе дұрыс деп есептейміз.

"Ауданымызда бүгін таңда жергілікті мешіттермен бірлесіп қайырымдылық бағытында "Күшіміз бірлікте" ,"Елге қызмет-ерге қызмет" т.б ерікті жастары және Шаян ауылының 1982 туылған ұл-қыздары қайырымдылық істерде аянбай қызмет жасап келеді. Аудан жастарының бірлікті істеріне алғыс білдіреміз"- Мурат Ташкенбайұлы аудандық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі

Жылы жүріп, жылу сыйла ағайын!

 

Түркістан облыстық өкілдігі, зекет және қайырымдылық бөлімінің баспасөз қызметі