Печать
Просмотров: 136

Түркістан облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен Түркістан қалалық зекет және қайырымдылық бөлімі
қалалық "Әш-Шәкур" және " Жұма" мешіттерінің жомарт жамағатының " Жүрек жылуы" сөзін іс жүзінде жүзеге асырып, ұйымдастырудың нәтижесінде 50 отбасыға 12 түрлі азық түлік салынған қораптар тартуы үйлеріне жеткізілді.
Әр қорапта 31кг 250 гр, 5 литр, 4 дана заттар салынған. Осындай тартуды қабыл алған отбасылар тосын сыйға дән риза болып, қуаныштарын жасырмай, адамдардың жүректеріндегі жылулық сезімін көрсетіп жатқан жомарт жандарға аналық батасын жасап жатты. Ал отбасыдағы балалар қуанышы тағы бар. Өйткені қораптарда балалар жақсы көретін тәттілер салынған.
Облыс Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, ұйымдастырған қамқорлық істері үшін қалалық мешіт имамдарына, демеушілік жасаған мешіт жамағаттарына ризашылығын білдіріп алғыс айтады.
Қалалық мешітінің бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы және қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жахангер Абдувалиев қала тұрғындарымен бірлесіп қала аумағында көптеген қайырымдылық игі істермен бастамаларды жүзеге асырып келеді. Жасалынатын қайырымдылық барысында азық-түлік салынған қораптарды алдын ала дайындау, жеткізу уақытпен еңбекті талап етеді. Осындай игі істерде өте белсенділік танытып жүрген қала мешіттерінің жамағат ынтымағы сүйсіндіреді.
Ынтымақ бірлік нығайып, өзгеге қуаныш сыйлайтын істері көп болып, жұғысты болсын.

50 отбасыға жалпы үлестірілген азық түлік түрлері және салмағымен данасы:
Макарон 250 кг,
күріш 250 кг,
қант 250 кг,
ұн 500 кг,
тұз 250 кг,
өсімдік майы 250 литр,
томат 50 дана,
құрғақ шай 12.5 кг, конфет 50 кг, қоюландырылған сүт 50 дана,
халва 50 дана,
вафли 50 дана

Түркістан облыстық өкілдігі, зекет және қайырымдылық бөлімінің баспасөз қызметі