Печать
Просмотров: 154

ҚМДБ,Түркістан облысы,Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің бас имамы Үсен Саурбаевтың бастамасын қолдай кеткен бірқатар жомарт жандар, аудандық «Зекет» қорының жетекшісі Сеитжан Нарымбетов және «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының демеушілік жасауымен әлеуметтік аз қамтылған, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған жанұяға қамқорлық,жәрдем көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Атап айтқанда бір қыс маусымына жектілікті болатындай көмір түсіріп беріп және осы қыс маусымына жететіндей толық азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Қанымызда бар қадірлі қасиет-ол қайырымдылық жасау болса, жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпайтын қазақ дейтін ұлы елдің ұландары, бүгінде осындай ізгі амалдар жасап Алланың разылығын алсақ деген жақсы бір ниеттерін білдірді. Осы игі амалда ат салысып үлес қосқан барша жомарт жандарға Алла тағала еселеген сауаптардан жазғай.Әмин!

Түркістан облыстық өкілдігінің зекет және қайырымдылық бөлімінің баспасөз қызметі