Печать
Просмотров: 121

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттерімен жүздесті.

Кездесу барысында наиб мүфти мен қаланың бас имамы 8 студентке оқу ақысының төленгенін хабарлап, «ҚМДБ грантының» арнайы сертификатын тапсырды.

Айта кетейік, «Нұр-Мүбарак» университетіне медресе-колледжден оқуға түскен бірқатар студенттердің оқу ақысына аудан мешіттері бірлесе қаржылай көмек көрсеткен болатын. Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Төлеби Оспан діни білім алып, Алла жолында ел игілігі үшін қызмет етуге талпынып жүрген шәкірттерге жігер беріп, тәжірибесін бөлісті. ҚМДБ грантына қол жеткізген шәкірттер дін қызметкерлері мен жомарт жандарға ризашылығын айтып, алғыс білдірді. Жыл басынан бері «Нұр-Мүбарак» университетінде тәлім алып жүрген 26 студенттің оқу ақысын Алматы өкілдігі төлеп берді.