Печать
Просмотров: 116

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай кезінде еңбек еткен еріктілерге ерекше алғыс білдірді.

«Qairymdylyq Jarshylary» еріктілерінің Павлодар облысындағы аймақтық форумынан кейін Екібастұз қаласының орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемдемесі жеткізіліп, үздіктер алғыс хаттармен және #zeketten жейдесімен марапатталды.

Ал Екібастұз қаласы еріктілерінің бас жаршысы Шыңғыс Тұрсынұлына, ел басына күн туғанда аянбай күндіз-түні еңбек етіп, өз жұмысына ақы сұрамай, риясыз көңілімен, адал еңбек еткені үшін ұмра қажылығына сертификат табысталды.