Печать
Просмотров: 124

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігі, Түркістан облысы Түркістан қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің ұйымдастыруымен "Қолдан қолға" жобасы аясында 25 мүмкіндігі шектеулі жандарға (сөйлеу қабілеті төмен) жүз мың теңгеден 2.5 млн теңге зекет үлестірілді.
Облыс бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы демеушілік еткен зекетін берген кәсіпкер бауырларымызға алғысын білдіреді.
Шара барысында зекетті қалалық зекет бөлімінің жетекшісі Жахангер Абдувалиев табыстады.
Жылдан жылға зекет өтеуші кәсіпкерлер қатары артып келеді. Зекет беруге мүмкіндік болатын берекелі кәсіп нәсіп етсін. Зекет берушілердің ниеті мен зекеті қабыл болсын.
Алла сауаптан жазсын.

Түркістан облыстық өкілдігінің зекет және қайырымдылық бөлімінің баспасөз қызметі