Печать
Просмотров: 126

ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры Түркістан облыстық өкілдігінің "Шардара аудандық орталық" мешітінің бөлімінің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкер Жетпісбаев Айтжанның демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған 7 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.
Іс шарада аудан бас имамы Марат Асанов отбасыларға себеттерді үлестіріп, демеуші кәсіпкерге ризашылығын білдірді.
Аудандық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Ерболат Сариев аудан аумағында зекет парызын түсіндіру жұмыстарын имамдармен бірлесіп атқарып келеді. Аудан аумағында зекет өтеушілердің мешіттермен бірлесіп атқарып келетіндігін жеткізеді. Зекет өтеуші жандардың мешіттермен бірлесуі нәтиже беруі сөзсіз.
Әсілінде зекет алуға лайықты жергілікті тұрғындарға берілуі зекеттің негізгі шарттарынан болып табылады.

 

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі.