Печать
Просмотров: 123

Іле ауданының дін қызметкерлерінің тікелей атсалысуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 625 кілтін табыстау рәсіміне ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысты.

Өз кезегінде облыс бас имамы: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі», - деген бабалардың ұрпағы екенімізді айтып, Іле ауданы, Мұхамеджан Түймебаев ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Бегежанова Зияда апамызға ҚМДБ төрағасы бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жолдап, салтанатты түрде 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Зияда Разаховна сауапты іске атсалысқан дін қызметкерлеріне және үйдің қаражатына қолдау көрсеткен атымтай жомарт жандар мен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.