Печать
Просмотров: 106

Алматы облысы Іле ауданы дін қызметкерлерінің және «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілдігінің мұрындық болуымен «Рамазан сүйіншісі» атты ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Дархан Аманұлы жиналған көпшілікке Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Ринат Маратұлы өз кезегінде бұл шараның мән-мағынасын түсіндіріп, берекелі Рамазан айында да осындай қайырымдылықтардың жалғасатынын айтып өтті.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында Іле ауданына қарасты шалғайда жатқан Еңбек, Құйған, Жаңа Арна мен Қосөзен ауылдарында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен  100 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Бұдан бөлек, аталмыш елді мекендерде орналасқан құлшылық үйлерінің имамдары мен қызметшілеріне 30 000 теңгеден қаржылай көмек берілді.