Печать
Просмотров: 135

Түркістан облысының Бас имамы Төлепов Ержан Сматұлының басшылығымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 9 жылдан бері дін қызметінде қызмет жасап жүрген дін қызметкеріне 644-інші баспана табысталды. Аталған игі шара облысымыздың «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Полатов Еркін Тұрғынұлы арнайы қатысып баспана иесіне табыстады.
Бәйдібек аудандық зекет бөлімінің жетекшісі Мурат Егізбековтің ұйымдастыруымен Жамбыл ауылының азаматтарының қолдауымен, ауылдың жеке кәсіпкердің зекеті есебінде жүзеге асты.

Облыс Бас имамы Ержан Сматұлы: "Берекелі іске демеуші болған қолдау білдірген азаматтарға Алла Тағала разы болып, кәсіптеріне береке нәсіп етсін" - деп дұға жасап ризашылығын білдірді.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі