Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен, қайырымдылық акциясы өтті.
https://zeket.online/8-ourworks/88-20-500.html#sigProId6d96ea1804
"Зекет" қоры жанынан әлеуметтік жағдайы төмен жиырма отбасының әрқайсына 25 мың теңгеден барлығы 500 мың теңге қаражат таратылды.
"Зекет беру - исламдағы бес парыздың бірі. Қайырымдылық іске Атыраудың жергілікті азаматы ұйытқы болды. Аты-жөнін атамауды сұраған ол азаматқа Алла разы болсын. Асылында, Алла Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа кенелтіп, өзінің мархаметіне бөлейтіндігі турасында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Алла Тағаланың бұйырған әмірлерінің біреуі, сондықтан орындаушысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Алланың ризашылығына кенелері сөзсіз. Сонымен қатар, 3екет - Тәубе сүресінің 103-аятында білдірілгендей күнәлардын кешірілуіне себеп. "Олардың малдарын көбейт және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал деген" деп атап өтті Бас имам Батыржан қажы Берденұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.