Печать
Просмотров: 799

Зекетті беруге болатындардың санатына жолда қалғандар мен белшеден қарызға батқандар да кіреді. Кентауда зекет қаржысы осы мақсатта жұмсалды.

Бірінде алты балалы отбасының электр қуаты мен дүкендегі қарызын өтелді. Жалғызбасты анаға көмекті Хантағы ауылы “Әли-Бекен” мешітінің имамы Бақыт Мырзагелдиев ұйымдастырды. Жомарт жамағатқа алғыс айтамыз.

Екінші жақсылық жолда қалған Гүлнар Қонарбаева есімді жолаушыға жасалды. Оған жолақысын “Зекет” қорының Кентау қалалық бөлімінің жетекшісі Дастан Құрбанқұлов жеткізіп берді.

Биылдан бастап мешіттерден көмек көрсету тәртібі өзгерді. Жәрдем сұрап келгендердің алдымен әлеуметтік жағдайы тексеріледі. Бұл жамағаттың зекет пен садақасының мақсатты жұмсалуы үшін қолға алынды.

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі