Печать
Просмотров: 26

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен, Талғар ауданы имамдарының қолдауымен «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Ізгі шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры Мәди Серікұлына 300 000 теңгенің қаржылай сертификатын табыс етті.

Бұл қаражат медресе-колледж шәкірттері үшін дастарқан жайып, ауызашар ұйымдастыруға жұмсалатын болады.