Печать
Просмотров: 32

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыс депутаты Сабидин Мантыковпен бірге су тасқынынан зардап шеккен Ақтоғай ауданы, Жалаулы аулына барды.

Ауыл халқымен және ауылдық округ әкімімен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдаған бас имам облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен аталмыш ауылға жеткізілген азық-түлікті таратып беріп, халыққа ізгі тілек айтып, құдайдан жақсылық тілеп қайтты.