Печать
Просмотров: 837

“Садақаны сау күніңде бер” деген, хадистерде. Садақа – барлық бәленің бетін қайтарады.

Алла Тағаланың мейірімі шексіз. Шүкіршіліксіз болсақ та берекесін береді, тәубе етсек те кешіреді.

Тіршілік пен құлшылықты қатар алып жүрсек, зиян шекпес ек. Алла Тағаланың кеңшілігі сол, садақамен аурудан айығуға да мүмкіндік береді.

Созақ ауданы Таукент кентінде тұратын Іңкәрбековтер отбасы жуырда жол апатынан аман қалды. Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде жатқан ұлдары Бақдәулетке Алладан шипа тілеп, құрбан шалды.

Бір қойдың етін төрт отбасыға садақа етті. Имамдар ол отбасы үшін есендік тіледі.

Созақ аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі