Печать
Просмотров: 155

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысындағы жауапты өкілі Оңталап Тасболатұлы Ұлытау  облысына қарасты аудандарда болып, шаруа қожалық иелері, кәсіпкерлермен кездесті.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында Оңталап Тасболатұлы бес парыздың бірі – зекет жайлы насихат жұмыстарын жүргізіп, тың ақпараттармен бөлісті. Өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар  қойылып, тұшымды жауаптарын алды.

Айта кетейік, іс-шара ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевтың тапсырмасымен ұйымдастырылды.