Печать
Просмотров: 98

ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Жетісу облысы бойынша өкілі Омар Хадысұлы мен көмекшісі Ертай Бақытбекұлы арнайы іс- сапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Жетісулық өкілдер СҚО-ның аудандарындағы кәсіпкерлермен кездесіп, төрт-түлік мал мен ұшыр зекеті жайында насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, көп балалы отбасыға 1 тонна ұшыр зекетін табыстады.

Одан бөлек, СҚО, Тайынша ауданы, Теңдік ауылының кәсіпкері Шоқан Орынбайұлы Астана медресе колледжінің шәкірттеріне арнап 10 қой зекетін берді.