ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қордың өңірлердегі зекет өкілдерімен зум арқылы жиналыс өткізді.
Жиын барысында қор директоры ҚМДБ-ның 35 жылдығы аясында атқарылуы тиіс жұмыстарды баяндады. Атап айтқанда, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасы аясында берілген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталып, келе жатқан қасиетті Рамазан айы мен жыл бойы атқарылуы тиіс жұмыстар туралы ойын ортаға салып, зекет өкілдеріне тиісті тапсырмаларын берді.