Печать
Просмотров: 774

Шардара ауданы Қоссейіт ауылдағы Сырдария мектебін 20 жыл бұрын бітірген түлектер зекеттеріне 3 бөлмелі үй салды. Бұл сауапты істі жасауға оларды имамдар шақырды.

Сөйтіп 9 баласымен әр пәтерді сағалап жүрген анаға баспана бұйырды. Анастасия Валактинаның қуанышында шек жоқ.

Үш бөлмелі үйдің кілтін игі істі атқарған азаматтардың атынан “Зекет” қоры Шардара аудандық бөлімінің жетекшісі Нұрмұхаммет Табыс етті. Жомарттық қылған жігіттерге Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын!