Печать
Просмотров: 41

Қызылорда облысы, Арал өңірінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевтың қатысуымен 5000 түп сексеуіл ағашының көшеті отырғызылды.

Еске салсақ, бұған дейін «Аялы ағаш-саялы» жобасы бастау алып, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Барсакелмес» мемлекеттік қорығы арасында меморандум жасалған болатын. Осы құжаттың аясында 2022 жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Арал ауданы әкімдігіне 100 түп туя ағашының сертификатын табыстап, нәтижесінде «Өмір ағашының» көшеті отырғызылса, 2023 жылы 6500 сексеуіл көшеті отырғызылды.

Зерттеулерге сүйенер болсақ, 1 үйдің толық көміліп қалуына 4 тонна құм қажет екен. Ал 1 сексеуіл 4 тонна құмды орнынан қозғалтпай ұстап тұра алады, яғни 1 түп сексеуіл 1 үйді құм астында қалудан сақтайтын көрінеді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл толу құрметіне орай, еліміз бойынша 35 000 түп тал отырғызу жоспарлануда.