Печать
Просмотров: 47

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры ерекше балаларға қызмет көрсететін орталықтарды оңалту құрылғыларымен жабдықтауда.

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қызылорда қаласы, Талсуат ауылында орналасқан «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» мен Арал қаласында орналасқан Арал ауданының оқушылар үйіне арнайы барып, қордың демеушілігімен жабдықталған кабинеттердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, жаңа оңалту құрылғысын тарту етті.

Айта кетейік, бұған дейін де қор атынан аталмыш мекемелерге татами, айна, швед стенді, бизибордтар, доптар мен дамытушы ойыншықтаи сыйға берілген болатын. Бұл жоба «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында ерекше балаларға қамқорлық көрсету мақсатында жүзеге асырылуда.

Сыйға берілген жаңа құрылғы арнайы маманның қатысуымен психо-неврологиялық диагнозы бар балалардың агрессивті күйден шығуына, сенсорлық, моторикалық бұзылыстары мен тактильді сезімталдығын дұрыстауға септігін тигізетін болады.