Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Шабыт ұлттық өнер академиясының жатақханасында тұрып жатқан 600 студентке ауыз ашар себеттері таратылды. Бұл шара студенттердің рухани тәрбие алуына және Рамазан айының берекесін сезінуіне ерекше мүмкіндік берді.
Ауыз ашар себеттері "Зекет және қайырымдылық" қоры тарапынан ұйымдастырылып, әрбір студент қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Мақсат – жастардың рухани және мәдени тұрғыдан дамуына үлес қосу.
Ауыз ашар рәсімі барысында студенттер бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ мақсатта бірігіп, Алладан рақым тілеп, бір мезетте ауыз ашты. Бұл шара жастар арасында татулық пен сыйластықты нығайтуға ықпал етті.
Шабыт ұлттық өнер академиясы бұл іс-шараны ұйымдастырып, студенттердің рухани дамуына қамқорлық көрсеткен "Зекет және қайырымдылық" қорына алғыстарын білдірді.