Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменовтың еміне 3 000 000 теңге көмек берілді. Өңірдегі имамдардың бастамасымен, жамағаттың қолдауымен аталған қаражат бір аптаның ішінде жиналды. Сертификатты облыстық мешіттің наиб имамы, Зекет қорының өкілі Алмат Әли табыстады.
Қайрат Дәрменов – «Ақтөбе» медресе-колледжінің, «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам, Темір ауданының бас имамы қызметін атқарды. Қазіргі таңда «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы.
Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қордың бастамасымен сырқатқа шалдыққан азаматтарды қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» жобасы бірнеше бағытта жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жиналған қаражатты науқастардың еміне, отасына жұмсау.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі