Print
Hits: 32

Астана қаласында қайырымдылық шарасы өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі мен елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Ар-Рахман» мешітінде игі іс жүзеге асты.

Аталған іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған 35 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл қайырымдылық акциясы көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыруды мақсат етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Игі іске атсалысқан мешіт қызметкерлері мен еріктілерге алғыс білдірілді.