ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Қарағанды облысының өкілдігі демеушілердің қолдауымен игі іс атқарды. Нақты айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматшаға үйінің қонақүй бөлмесіне арнайы үстел мен орындықты сыйға тартты. Осы орайда Қор өкілдері мен демеушілер мұқтаждың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге септігін тигізді.
— Бұл тек материалдық көмек қана емес, рухани қолдау деп білеміз. Осындай азаматтарға қамқорлық көрсету — баршамыздың ортақ міндетіміз, — дейді Қор өкілдері.
Шара барысында қамқорлық алған азаматша ризашылығын б
ілдіріп, демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

"Зекет және қайырымдылық" қоры өңірде осындай қайырымдылық жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы істер жалғасын табатын болады.