Зекет қорының Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі тағайындалды.
Жаңа жауапты маман ретінде Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы тағайындалды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық»қорының басшысы Мақсатбек Қайырғалиев жаңа жауапты маманға таныстырылым жасалып, оған жүктелген міндеттер мен мақсаттар айтылды.
Қордың мақсаты өңірдегі қайырымдылық шараларын жүйелі әрі нәтижелі жүргізуге, мұқтаж жандарға қолдау көрсету ісін одан әрі жандандыруға бағытталған.