Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай экологиялық ахуалды жақсарту, туған жердің табиғатын көркейту және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Арал қаласында «35 мың түп ағаш егу» атты кең ауқымды республикалық жоба ұйымдастырылды.
Аталған шара Арал теңізі аумағында өтті. Жоба барысында 1 500 түп сексеуіл көшеті отырғызылды. Ал соңғы үш жыл көлемінде өңірде жалпы саны 13 000 түп сексеуіл егілді.
Іс-шараға еліміздің Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Шымкент және Ырғыз қалаларынан келген имамдар, сондай-ақ «Қайырымдылық жаршылары» еріктілер қозғалысының өкілдері арнайы қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Жоба қоршаған ортаны қорғауға, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға және қоғамда табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.