Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәуірінде қазіргідей қағаз ақша емес, динар (алтын ақша) мен дирхам (күміс ақша) қолданылғандықтан,
қазіргі қағаз ақшаның зекет нисабын белгілеуде алтын мен күміс негізге алынып есептеліп отыр.
Алтынның нисабы - 85 грамм. Егер белгілі бір адамның ақшасының құны кемдегенде 85 грамм алтынның құнына тең келсе,
ол кісіге жалпы ақшасының қырықтан бірін зекет ретінде беру - парыз. Ақшасының мөлшері нисаб көлеміне жетпей,
иелігіндегі алтынның немесе сауда заттарын қосқанда жететін болса, зекет беріледі.
Депозит, инвестиция, сауда тауарлары және ақшалардың жалпы сомасы есептеліп, одан берешек төлемдерін алып тастайды. Қалған сомадан зекетті есептеп шығарады.
Ипотека және ұзақ мерзімді қарыздары болған жағдайда, зекетті есептегенде, оның бір жылдық төлемін негізге алады. Яғни жалпы сомадан бір жылдық қарыз мөлшерін азайтады.
Алтын
Бағасы 1гр/тг
Алтын (Бағасы 1гр/тг)
Алтынның белгіленген нисап мөлшері – 85 грамм дедік. Міне, осы 85 грамм алтынның қырықтан бірі немесе 2,5%,
яғни 2,125 граммы зекет ретінде беріледі. Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алтынның нисап
мөлшерін былай деп білдіреді: «…Алтыннан жиырма динарға жетпейінше зекет алынбайды. Сенің жиырма динар алтының болып,
оған бір жыл айналмайынша зекет беруің міндет емес». Егер алтыннан жасалған заттар мен бұйымдар нисап көлеміне жетіп жатса,
зекеті міндетті түрде берілуі тиіс. Аталмыш заттардың зекетін екі түрде беруге болады: Алтындай немесе басқа зекет малдарымен.
Егер алтындай берсе, бұйымның салмағы өлшеніп, қырықтан бірі беріледі. Ал басқа зекет малдарынан берілетін болса,
бұйымның салмағына қарай емес, бағасына қарай анықталады. Басқа кендермен араласқан таза емес, қоспа алтынның (мағшушун)
зекеті жайында Ислам ғұламаларының әртүрлі пікірлері бар. Ханафи мәзһабында алтынның көлемі басқа кендерден басым немесе тең болса,
барлығы алтын деп есептеліп, соған қарай зекеті беріледі.
Жылқы
Жылқы
Жылдың көбінде қырда, жайылымда жүрген жылқылардан зекет алынады. Жалпы жылқының құны есептелінеді.
Құны нисап мөлшеріне жеткен жағдайда құнының қырықтан бірі немесе 2,5% зекет ретінде беріледі.
Қой мен ешкі
Қой мен ешкі
Қырда жайылған қой мен ешкінің нисап көлемі – қырық бас. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір қырық қой үшін бір қой зекет парыз», – деп бұйырған.
Қой мен ешкі бір-бірінің нисабын толықтыра алатындықтан, 39 қойы, 1 ешкісі болған адамның бір қойды зекет ретінде беруі – парыз.
Қой мен ешкі аралас болған жағдайда қайсысы көп болса, зекет содан беріледі. Қой мен ешкі: (40-120 аралығында) - 1 қой, (121-200 аралығында) - 2 қой,
(201-399 аралығында) - 3 қой, (400-499 аралығында) - 4 қой, Қойдың саны 500-ге жеткеннен кейін әрбір 100 қой үшін бір қой қосылып отырады.
Түйе
Түйе
Алланың Елшісінің (с.ғ.с.): «Өрістегі қырық түйеден бір екі жасар інген төленеді, малдың иесі санаған кезде, табынды бөлмеуі керек.
Кімде-кім зекетті Алланың сыйы үшін үміттеніп төлейтін болса, онда ол өз сыйын алады», - деп айтқанын Бахз ибн Хаким өзінің әкесі мен атасынан
естіп жеткізген. Бұл хадисті Ахмад, Әбу Дәуіт және ан-Насаи жеткізген. Әл-Хаким оны сахих деген. Түйеден төленетін зекеттің көлемі төмендегідей:
5-9 бас түйеден – 1 қой беріледі, 10-14 бас түйеден – 2 қой беріледі. 15-19 бастан – 3 қой, 20-24 бастан – 4 қой, 25-35 бас түйеден – 1 бір
жылдық бота, 36-45 бастан – 1 екі жылдың інген, 46-60 бастан – 1 үш жылыдқ інген, 61-75 бастан – 1 төрт жасар інген, 76—90 бастан – 2 екі жылдық
інген, 91-120 бастан -2 үш жасар інген, 21-144 бастан – 2 үш жылдық түйе және әрбір 5 түйе үшін бір қойдан не ешкіден төленеді. 145-149 бас үшін
2 үш жылдық түйе мен 1 бір жасар бота төленеді. Олардың саны 150 жеткенде 3 түйе төленеді. Ал 174 –ке дейін әр бір 5 түйеден бір қой немесе ешкі
төленеді, 175-185 бастан 1 үш жасар және 1 бір жылдық бота, 186-195 бастан – 1 үш жасар және 1 екі жасар түйе , 196-200 бастан – 4 үш жасар түйе
төленеді.200-ден асқан кезде әрбір 150 бастан асқандағы 50түйе үшін есептелетін тәсіл қолданылады. Түйенің зекеті үшін інген немесе
оның құны ақшамен төленеді.
Сиыр
Сиыр
Сиырдың нисап мөлшері – 30 бас. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір отыз сиыр үшін бір таби немесе бір табиа
(бір жасар тана), әр қырық сиыр үшін бір мусин немесе бір мусинна (екі жасар құнажын) зекет беріледі» – деп бұйырған.
Яғни, әрбір отыз сиыр үшін бір жастағы бір тана; әрбір қырық сиыр үшін екі жасар бір құнажын беріледі; алпыс сиырда бір
жасар екі тана; жетпіс сиырда бір жасар бір тана және екі жасар бір сиыр; сексен сиырда екі жасар екі сиыр; тоқсан сиырда
бір жасар үш тана; жүз сиырда бір жасар екі тана және екі жасар бір сиыр беріледі. Мысалы, 120 сиыры бар адам қаласа,
бір жасар төрт тана немесе екі жасар үш құнажын бере алады. Яғни сиырының санына байланысты осыған қарап берілетін
зекет мөлшерін шығаруға болады.
Сіз ешқандай деректер енгізген жоқсыз
Қаржы мен алтынның зекеті
Ислам ғұламаларының бір ауызды шешіміне сай, Сіз Зекет төлеуден босатыласыз. Алла сіздің адал ниетіңіз үшін мәртебеңізді көтерсін
Жылқының зекеті
Ислам ғұламаларының бір ауызды шешіміне сай, Сіз Зекет төлеуден босатыласыз. Алла сіздің адал ниетіңіз үшін мәртебеңізді көтерсін
Қой мен ешкінің зекеті
Ислам ғұламаларының бір ауызды шешіміне сай, Сіз Зекет төлеуден босатыласыз. Алла сіздің адал ниетіңіз үшін мәртебеңізді көтерсін
Түйенің зекеті
Ислам ғұламаларының бір ауызды шешіміне сай, Сіз Зекет төлеуден босатыласыз. Алла сіздің адал ниетіңіз үшін мәртебеңізді көтерсін
Сиырдың зекеті
Ислам ғұламаларының бір ауызды шешіміне сай, Сіз Зекет төлеуден босатыласыз. Алла сіздің адал ниетіңіз үшін мәртебеңізді көтерсін
Мал бағасының жалпы сомасы
Мал бағасының жалпы сомасы
Скоро Здесь будет описание ячейки, страница будет скроллится если текста очень много.