“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
20 адамға киім - кешек жағынан қайырымдылық жасады.
18.10.2018
Аманқұл ата мешітінің жанындағы Көктөбе қарилық медресесіне қайырымдылық жасады
17.10.2018
«Зекет» қоры мен Дубай әмірлігі департаменті арасында тәжірибе алмасу семинары өтті
12.10.2018
БАС МҮФТИ ДІН ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНДЕ БАТА ЖАСАДЫ
11.10.2018
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСҚОСУДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
11.10.2018

Зекет беріп несібеңізді молайтыңыз! Мал дүниеңізге берекет кірсін!

Құдіреті шексіз Жаратушы Алла таңдаулы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы мұсылмандар қауымына арнап бес парызды бекітті. Солардың бірі – Зекет. Исламда «Зекет» сөзі мынадай мағыналарға ие: көбею, өсу,берекет, тазару, молшылық, мейірімділік үшін алғыс айту.

«Зекет» сөзінің терминологиялық мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі.

Зекет – тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (Ат-Табарани)- деген хадисі көп нәрсені аңғартса керек.

«Нисаб мөлшері» деген не?

«Нисаб мөлшері» деп, зекет парыз болатындай белгілі байлық мөлшерін айтамыз. Алтынның нисаб мөлшері - 85 грамм (1 180 000 тг). Күмістің нисаб мөлшері – 595 грамм. Ақша немесе сауда тауарларының нисаб мөлшерін анықтайтын кезде, алтын немесе күмістің нисабы негізге алынады. Дәлірек айтқанда, күнделікті негізгі қажеттіліктер мен қарыздардан тыс жинаған ақшаның мөлшері ең кемі 85 грамм алтынға тең келетін (1 180 000 тг) сомаға жетіп, бір жыл өтісімен (мөлшері азаймаса) зекетін 2,5% соммадан есептеп беруі тиіс.


Егер Зекет туралы сұрақтарыңыз болса бізге кері байланыс құралдары арқылы хабарласуыңызға болады.

+7 727 3976397, +7 727 3976397

Серікбай қажы ОРАЗ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Талғат ОМАРОВ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Зекет Қорының директоры

Соңғы онлайн төлемдер

01.10.2018

Исламбек ага

72 000 теңге көлемінде зекетін берді

13.07.2018

КАБДЕШЕВА Г С

41 000 теңге көлемінде зекетін берді

28.06.2018

Есімі белгісіз

27 000 теңге көлемінде зекетін берді

Бес парыздың бірі – Зекет

Зекет қайда жұмсалады?

Құранда көрсетілген 8 түрлі адамға беріледі

Олар: кедейлер, міскіндер, зекет жинауға көмектесушілер, дінге жаңадан кірушілер, өз бостандығы үшін жүрген құлдар, қарызға батқандар

Жағдайы төмен топтарға көмек беру

Қаржылай немесе материалдық көмек

ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету

Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру.

Соңғы жазбалар

Біздің әріптестер