ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Мамандықтар мектебі» әлеуметтік жобасы аясында Астана іргесіндегі «Пригород» елдімекенінде ашқан оқу орталығында балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізді.
Мұнда қысқа мерзімдік ағылшын тілі курсын аяқтаған оқушыларға қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы сертификаттар мен Zeket Hub орталығында дайындалған ZEKET-AI сөмкелерін табыстады. Айту керек, алдағы уақытта аталған орталықта "домбыра үйірмесі" мен "тігін курсын" тәмамдаған балалар да сертификаттарға ие болады.
Еске салсақ, «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қаласына жақын орналасқан Пригород елдімекенінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасылардың балаларына арналған жаңа оқу орталығын ашқан болатын.