Печать
Просмотров: 766

Облыста зекет малдарын қабылдайтын орын Қазығұрт ауданында ашылды. Енді өзге де аудандарда ашу жоспарланып жатыр.

Ерінбей сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқының зекетке берер басын Қазығұрттағы фермаға апарып өткізуге болады. “Зекет” қорының жауапты өкілі қабылдап алып, тізімге енгізіп қояды. Қайырымдылыққа жұмсалады.

Арыс қаласы Ақдала ауылының тұрғыны зекет малын жергілікті “Оспан қажы” мешітіне өткізді. Имам Әбділхақ Төрежанов ол жылқыны сойдырып, 21 отбасыға таратып берді.

Зекет пен садақаны мешітке берген жан жаңылмайды әрі нық сеніммен тапсырады. Алланың үйіндегілер ешкімнің ала жібін аттамайды. Негізі Құранда Алла Тағала мұсылмандар зекет, садақа, байлықтарымен мешіттерге көмек береді деп бұйырған.