Печать
Просмотров: 809

Қасиетті айда Сыр еліне арнайы сапармен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев «Рамазан – мейірімділік айы» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акцияда көмек алуға келген жандарды мүбарак Рамазан айымен құттықтаған наиб мүфти Алау Шайқымұлы:
«Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасымен бастау алған қайырымдылық шараларының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау»-дей келе, мешіт қызметкерлерінің әрдайым көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала мешіттері және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткізілген шарада қала мешіттеріне тіркелген әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған мейірімділік акциясының жұма сайын өткізіліп жатқанын және де өз жалғасын таба беретінін хабарлады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі