Печать
Просмотров: 850

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша Талдықорған өңірінде 18-ші және 19-шы баспана берілді! Бұл – жалпы ел аумағы бойынша аталмыш жоба аясында берілген 59, 60-шы баспаналар. Нақтырақ айтсақ, бұл жолғы үйлер Кербұлақ ауданы, Малайсары ауылының тұрғыны 7 балалы Абишева Эльвира мен Жаңалық ауылындағы 6 балалы Исқақова Гүлбағизаның жанұяларына бұйырды! Салтанатты шараға осы жобаның өңірімізде қарқынды түрде жүзеге асуына атсалысып, қолдау білдіріп отырған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, сондай-ақ, жобаға Жетісу жеріндегі өнер адамдарын жұмылдырып, ұйытқы болған Кербұлақ ауданының Бас имамы Қанат Маратұлы және «Зекет» қоры өкілдігі қатысты. Аталған екі отбасы да отағаларының жалақысы мардымсыз болғандықтан, балалардың жәрдемақысына қарап отырған, басында баспанасы жоқ жандар еді. Алланың нәсіп етуімен осы отбасылардың үйлі болуына себепкер болған жандарға, жалпы жұртқа алғыс айтамыз!