Печать
Просмотров: 719

Раббымыздың сыйы болған Рамазан айында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша Сарқан ауданында 5 миллион теңге зекет таратылды! Алла ісіне береке беріп, нығметіне бөлеген кәсіпкер бауырымыз Алматыдан туған ауылына ат басын бұра келіп, ауылдағы жетім-жесір, көп балалы жанұяларға, сондай-ақ, басқа да мұқтаж жандарға зекетін ақшалай өз қолымен табыстады. Реті келгенде, «Зекет» қоры атынан асыл дінімізді ұлықтап, парыз амалдарды халыққа үйретіп, оның ішінде зекет турасында насихат жасап жүрген аудан, ауыл имамдарының ерең еңбегін атап өткіміз келеді.