Печать
Просмотров: 848

Зекет парызын өтеушілерге шариғаттың белгілеген шегі бар. Жиған-тергеніңіз сол мөлшерден асса, зекет төлеуге міндетті боласыз. Бұл қасиетті Құрандағы Алла Тағаланың әмірі.

Зекетін уақытылы өтеп жүрген жандар барлық бәлекеттен аман болады. Ризығы молаяды. Сондықтан шығынға ұшарамай, кесірге ұрынбай тұрғанда, Алланың ақысын беріп, парыз еткен амалдардан құтылуға асығу керек.

“Зекет” қоры Кентау қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шаралары жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы 20 отбасыға азық-түлік бұйырды.

Бөлім жетекшісі Дастан Құрбанқұлов көмекке зәру отбасыларға ғана берілгенін айтты. Игі іске жергілікті жамағат пен кәсіпкерлер атсалысты.

Барлық аудандық орталық мешіттерде “Зекет” қорының бөлімдері жұмыс істеп тұр. Қандай да бір сұрақтар туындаса жетекшілері мағлұмат беруге әзір.