Печать
Просмотров: 859

Алла Тағала қасиетті Құранда:«Әрі жақсылықты ‒ көп болып қайтуы үшін жасама» ‒ деп бұйырады(74:6). Не берсек те, қандай жақсылық қылсақ та бір Алланың разылығы үшін атқарып, қайта еске алмаған жөн.

Бұ дүниеде өзімізге көп көрінгенімен, қияметте сансыз сауап керек екенін біле бермейміз. Сондықтан “Мен үйттім-бүйттім” деген сөзге сақ болу қажет.

Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылдық мешітінің имамы Сайран Жұмабековтың ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті. Мұқтаждарға киім-кешек үлестірілді.

“Зекет” қоры аудандық бөлімінің жетекшісі 11 жеткіншекті өзі жетектеп жүріп, базарлатты. Балалардың таңдауына қарай, үстіне қонымды киімдер сатып алды.

Зекет парызын өтеп, садақа беруден аянбайтын жандарға Алла Тағала разы болсын, сансыз сауаптан жазсын! Шамасы келген азаматтарды жоқ-жітіктерге жәрдемдесуге шақырамыз.