Печать
Просмотров: 985

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша 61-ші және 62-ші баспана Талдықорған өңірінде, Ақсу ауданына қарасты Алтынарық және Ойтоған ауылының тұрғындарына нәсіп болды! Қос ауылдағы баспана бұйырған жандардың екеуі де жас балаларымен жалғыз қалған әкелер болып табылады. Бірінің осы қыста жары қайтыс болып, кішісі әлі 1 жасқа да толмаған 5 баласы бар Жақыпбеков Саят Мақсатұлы болса, бірі – І-топтағы мүгедек, мектеп жасындағы 3 қызымен 58 мың теңге зейнетақыға күн көріп отырған – Хусаинов Аслан Төлеуғалиұлы.
Бұл – жоба бойынша Талдықорған өңірінде берілген 20-шы және 21-баспана еді.
Тағдыр сынағына тап болған азаматтарға Алла бұйыртқан баспаналарын берекелі етсін, олардың үйлі болуына себепкер болған барлық ағайынды Алла мейіріміне бөлесін деген тілек айтамыз.